Алматыда жаңа жылдық шыршалар жәрмеңкесі өтіп жатыр

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  Жәрмеңке әркім үйіне жаңа жылдық шырша таңдай алатын алматылықтардың сүйікті орнына айналды.

Алматыдағы Панфилов көшесі қылқан жапырақтың иісі мен мерекелік көңіл күйге толы нағыз қысқы базарға айналды. Жәрмеңкеде сатып алушыларға биік шыршадан бастап шағын ыдыстағы ағаштарға дейін түрлі тауар ұсынылған. 

Фото: Алматы әкімдігі

– Мен жыл сайын базардан шырша сатып аламын, бірақ биыл дәл осы жерден сатып алуды шештім, өйткені бағасы бірдей. Балалармен келіп шырша таңдап жатырмыз, пірәндіктерден дәм татып, жарқыраған қондырғылардың жанында суретке түстік. Мұндағы атмосфера керемет, шаршағаныңды ұмытасың, суық та сезілмейді. Жаңа жылдың жақындап қалғаны анық сезіледі, – деді Ерлан Қасымов.

Жәрмеңкеде классикалық қылқан жапырақ ағаштарымен қатар қармен көмкерілгендей сәнделген дизайнерлік шыршаларды да сатып алуға болады. Мұндағы ассортименттің молдығын қала тұрғындары ерекше атап өтіп жатыр. 

Фото: Алматы әкімдігі

– Біз құрбымызбен жай ғана көріп қайтуға келген едік, бірақ қызығып, шырша, ойыншықтар мен гирляндалар сатып алдық. Енді бірге жиналып, шыршаны безендіріп, какао ішеміз. Мұнда сондай әдемі, жылы әрі жайлы, кеткің келмейді. Бұл жәрмеңке қаланың ең керемет орындарының біріне айналғанына сенімдімін, – деді студент Алина Әбілдаева.

Жәрмеңкенің безендірілуі ерекше әсер қалдырады. Гирляндалар, жарқыраған шамдар, фотоаймақтар – мұның бәрі ғажайып мерекелік көңіл күй сыйлайды. Әсіресе, қар басқан шаналар, жарқыраған аққалалар мен бұғы мүсіндері балаларды қуантады. 

Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, 20 желтоқсан күні Алматыда бас шыршаның шамдары жағылған еді. 

Жаңа жылдың басты символының биіктігі - 25 метр. Шырша 6 шақырым гирлянда, сәндік элементтер, шырша шарлары, ірі банттар және қайта өңделген экологиялық қауіпсіз материалдардан жасалған жаңа жылдық ойыншықтармен безендірлген. 

Фото: Алматы әкімдігі