Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т. б.) қойылады.
Өнімнің жалпы көлемі 300 тонна, оның ішінде:
* Ет өнімі — 80 тонна;
* Жеміс-көкөніс өнімі — 100 тонна;
* Сүт өнімі — 60 тонна;
* Балық өнімдері — 5 тонна;
* Өзге өнімдер — 55 тонна.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігі 15 қараша сағат 20:00–ден 17 қараша сағат 20:00–ге дейін жабылады.
— Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз. Жәрмеңкені өткізу кезінде № 45, № 95 және № 121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 7 жылдан бері салынып жатқан көлік тоннелі пайдалануға берілетінін жазғанбыз.