Қайғылы жағдай Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінде болды. Қалалық полиция альпинистің оқиға орнында қаза тапқанын растады.
– Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Осыған дейін Алматыда ерлі-зайыпты қарт кісілерді 56 жастағы танысы өлтіріп кеткені туралы жазған болатынбыз.