Алматы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының міндетін атқарушы орынбасары Талғат Үмбетияровтың мәліметінше, тексеріс кезінде еңбек заңнамасы 614 рет бұзылғаны анықталды. Оның 588-і еңбек қатынасына, 23-і еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, 3-і халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаға қатысты болып шыққан.
— Жүргізілген тексерудің нәтижесінде анықталған заң бұзушылықты жою туралы 389 нұсқама берілді. Оның 266-сы орындалып, орындалу деңгейі 68,4 па йыз болды. 309 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 63,9 млн теңгеге жетті. Оның 37,7 млн теңгесі, яғни 70,9 пайызы өндірілді, — деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Департаменттің мәліметінше, биылғы алты айда Алматыда өндірісте осындай 51 оқыс оқиға тіркелген. Соның салдарынан 51 қызметкер зардап шекті: 27 адам ауыр жарақат, 21 адам жеңіл жарақат алған.
Сондай-ақ жылдың алғашқы жартыжылдығында қаладағы 53 кәсіпорында жалпы сомасы 59,4 млн теңге болатын жалақы берешегі өтелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 105 қызметкердің еңбек құқығы қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта Алматыдағы төрт кәсіпорынның жалақыға берешегі бар. 73 қызметкерге тиесілі жалпы қарыз көлемі 97,3 млн теңгегі жетіп отыр.
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 140 кәсіпорында 1,1 мыңнан астам жұмыскер алдында 642 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтағанын хабарлағанбыз.