Алматыда «Жасыл аула — 2026» акциясы аясында екі күнде мыңға жуық ағаш көшеті таратылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жыл сайын ұйымдастырылатын «Жасыл аула — 2026» акциясы аяқталды.

Фото: Алматы әкімдігі

Екі күн ішінде қала тұрғындары үй маңындағы аумақтарды көгалдандыру үшін мыңға жуық ағаш көшетін алды. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.

Фото: Алматы әкімдігі

Бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан акция жыл сайын ауласын көгалдандырып, жайлы әрі жасыл орта қалыптастыруға ниетті тұрғындардың басын қосады.

Фото: Алматы әкімдігі

Бастаманың басты ерекшелігі — қала тұрғындарының тікелей қатысуы. Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары ағаш егетін орынды таңдап, көшет отырғызып, үш жыл бойы күтіп-баптауға міндеттенеді.

Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, акция шартына сәйкес әр қатысушы үй маңындағы аумақты көгалдандыру үшін 10 көшетке дейін ала алды. Бұл ретте егілген ағаштарды үш жыл бойы тиісті деңгейде күтіп-баптау, оның ішінде тұрақты суару және жасыл желектің сақталуын қамтамасыз ету міндетті шарт болды.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Осылайша, акция қаладағы жасыл желектер санын арттырумен қатар, алматылықтарды тұрғындардың ауласына деген жауапкершілігін күшейтеді. Өйткені тұрғындардың тікелей атсалысуы жаңа ағаш егуге ғана емес, олардың ұзақ жыл бойы өсіп-жетілуіне және сақталуына да мүмкіндік береді.