Алматыда жасөспірім 2 жасар баланы көтеріп, жерге лақтырып жіберген - полиция іс қозғады
11:25, 28 Тамыз 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жасөспірімнің әрекеттерінен кішкентай бүлдіршін жарақат алды.
Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
– Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жасөспірімді тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның ата-анасы жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Еске салайық, Алматыда жастар арасында жанжал болып, бірінен Калашников автоматы тәркіленді.