«76 жастағы әйелдің өліміне қатысты жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зейнеткер жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін автобус жүргізушісіне жұдырық жұмсаған жолаушының ұсталғаны туралы жазған едік.
Айта кетейік, былтыр Алматыда №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан әйел есінен танып, көлікті басқара алмай, аялдамада тұрған бір топ адамды қаққан болатын. Апат салдарынан 7 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болды.