Алматы әкімдігінің мәліметінше, тегін жолдама алуға келесі санаттағы балалар құқылы:
• аз қамтылған отбасылардың балалары;
• жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
• ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар.
Жеңілдік санатындағы балалардың тізімі растайтын құжаттар негізінде мектептер мен аудандық білім бөлімдері арқылы жасақталады.
Лагерьге жазылу үшін ата-аналар әуелі баласы оқитын мектепке жүгінуі қажет. Өтініш сынып жетекшісі немесе мектеп әкімшілігі арқылы қабылданады. Мектеп қажетті ақпарат беріп, тиісті тізімді түзеді.
Бала мектеп ұсынған тізімге енгізілмесе, ата-аналар тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөліміне жүгіне алады.
Жолдама рәсімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:
• ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
• баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• жеңілдік санатын растайтын құжаттар (бар болса);
• баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.
Жазғы демалысқа арналған тізім алдын ала, негізінен көктемде жасалады. Лагерь жұмысы жаз айларында ұйымдастыралады. Бала тізімге енгізілгеннен кейін мектеп демалыс орны мен лагерьге бару күні туралы ақпарат береді.
Әкімдік орын саны шектеулі екенін, сол себепті өтінішті алдын ала беру керегін ескертті. Негізгі тізімде орын болмаған жағдайда қосымша жолдама бойынша ақпаратты нақтылауға немесе ақылы демалысты қарастыруға болады.
Еске салайық, мұның алдында алматылық зейнеткерлер шипажайға жолдаманы қалай ала алатынын жазғанбыз.