Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 1 шілде сағат 21:00 шамасында Алатау ауданында болған.
Жедел жәрдем көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Фуркат көшесінің қиылысында мопед жүргізушісін қағып кеткен.
— Өкінішке қарай, жол апаты салдарынан мопед жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлады департаменттен.
Бұған дейін Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің 5 қызы көз жұмғаны анықталды.