Алматы әкімдігінің мәліметінше, жүгіру жарысына байланысты сағат 08:00–ден 10:00–ге дейін маршрут бойындағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.
Жарыс «Астана» алаңынан басталып, осы жерде аяқталады. Осыған байланысты 15 қараша күні сағат 04:00–ден 12:00–ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігі толық тоқтатылады.
Көшелер сағат нешеде жабылмақ?
* Сағат 08:00–ден 10:00–ге дейін — Төле би көшесінің Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі бөлігі;
* Сағат 08:00–ден 10:00–ге дейін Наурызбай батыр көшесінің Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігі;
* Сағат 08:00–ден 09:35–ке дейін Бөгенбай батыр көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі;
* Сағат 08:00–ден 09:15–ке дейін Қабанбай батыр көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі;
* Сағат 08:00–ден 08:55–ке дейін Шевченко көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі;
* Сағат 08:00–ден 08:35–ке дейін Құрманғазы көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады.
Жол жабу уақыты жарысқа қатысушылардың жүгіру қарқынына қарай есептелген. Спортшылар өткен жол бөліктері біртіндеп көлік қозғалысына қайта ашылады.
Еске салсақ, Алматыда жаңа метро құрылысына байланысты Алатау даңғылы жабылатынын хабарладық.