Алматыда желіден тапсырма алған оқушы қыз мектепке балтамен келген

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген.

Фото: ҚР ИИВ

Қазір аталған дерек бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Полиция мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірім әлеуметтік желілерден нұсқаулық алып, заңсыз әрекет жасауға бекінген.

- Полиция қызметкерлерінің уақтылы қабылдаған шараларының нәтижесінде заңсыз әрекеттің жолы кесіліп, оның жүзеге асуына жол берілген жоқ. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру аясында оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ жасөспірімді құқыққа қарсы әрекеттерге тартуы мүмкін тұлғалар анықталып жатыр, - деп хабарлады полициядан.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады.