— ЖЭО-2 бойынша жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатыр. Қазір барлық құрал-жабдық орнында, монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Осы жылдың соңына дейін жаңа станцияны газға ауыстырып, іске қосу жоспарланған, — деді ол.
Ал ЖЭО-3 бойынша сұраққа жауап берген бұл стансаның Алматы облысында орналасқандықтан, жобаны жүзеге асыру мәселелері облыс әкімдігінің құзыретінде екенін атап өтті.
Еске салайық, Алматының жылу электр орталықтарын газға ауыстыру мәселесі көп жылдан бері талқыланып келеді. 2020 жылы Үкімет Алматы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасы мақұлданды.
2022 жылы 25 қарашада «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) мен Еуропа Қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ) арасында «Қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайту арқылы Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту» жобасын қаржыландыру туралы кредиттік келісім жасалды. Аталған мәміленің сомасы — 130 млрд теңге.
2023 жылы Алматының ЖЭО-2 нысанын көмірден газға ауыстыру тендерін консорциум жеңіп алды. Консорциум құрамына үш қытайлық компания кіреді: Dongfang Electric International Corporation, Powerchina Sepco1 Electric Power Construction Co., Ltd және Powerchina Hebei Electric Power Engineering Co., Ltd.
ЖЭО-2-ні газға көшіру бойынша құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталды. Алматы экология департаментінің мәліметінше, жоба жүезе асқан соң, ауаға тарайтын зиянды заттардың мөлшері жылына 37 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін азаяды.