Алматыда жер сілкінісі сезілді
17:01, 20 Маусым 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Алматы 2 балдық жер сілкінісі сезілгенін хабарлады.
ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 20 маусымда Астана уақыты бойынша 14 сағат 36 минутта жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің координаттары : 40.227 с.ш. 77.569 в.д. Жер сілкінісі ошағы Қытай және Қырғыстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 335 км. жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы: Алматы қ., 2.0 балл», – деп хабаралады ТЖМ.
Еске салайық, бұған дейін жер сілкінісін ескертетін жүйе сынақтан өтіп, алматылықтар президенттік хабарлама алғанын жазған едік.