Алматыда жер сілкінісіне байланысты Eurasia Jastar Cup хоккей турнирі өтпейтін болды
11:23, 26 Қаңтар 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан хоккей федерациясы сейсмологиялық жағдайға байланысты Алматыда Eurasia Jastar Cup турнирін өткізбеу жөнінде шешім шығарды.
«Сеймологиялық жағдайға, сондай-ақ, қатысушы-командалар мен көрермен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның хоккей федерациясы басшылығы 1-4 ақпан аралығында Алматыда өтеді деп жоспарланған Eurasia Jastar Cup турнирін өткізбеу жөнінде шешім қабылдады» — делінеді Қазақстан хоккей федерациясы таратқан хабарламада.
Федерация сондай-ақ турнир ауысатын басқа мерзім жөнінде қосымша хабарланатынын және барлық жанкүйерге сатып алған билетінің құны қайтарылатынын хабарлады.