Алматыда жер сілкінісінен кейін 2 балдық афтершоктар қайталанды

Фото: Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда тағы да жер сілкінді. 

Төтенше жағдайлар министрлігі мұның афтершок екенін мәлімдеді.

«Алдын ала ақпарат бойынша жер сілкінісі Қытай аумағында болған. Алматы қаласында 2 балл көлемінде сезілді» дейді ведомстводан. 

Сейсмикалық стансалар желісі сағат 12:54 кезінде болған зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында екенін растады. 

Магнитудасы — MPV 5.3.

Энергетикалық класы — 11.9.