«Биыл 16 мамырда оңтүстік астананың жеке үйлерінің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды.
Тінту барысында 7 кг «мефедрон» психотроптық заты және 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынды.
Табылған есірткінің құны «қара» нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін», — деп жазды құзырлы органнан.
Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін «варщиктер» деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.
Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.