«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы Жетісу аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің жаңа мекенжайға көшетінін хабарлады. 12 қазаннан бастап аталған ХҚО Алматы қаласы, Солтүстік айналма көшесі, 3-үй, «Адем» сауда үйі мекенжайында қызмет көрсетеді.
- ХҚО-ның жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері, - деп хабарлады корпорация филиалы.
Еске салайық, қазан айынан бастап қалада кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары ауысты. Кезекші ХҚО ретінде Нұркент шағынауданы, 5/17 үй мекенжайы бойынша орналасқан Алатау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен Шұғыла шағынауданы, 347/1 мекенжайында орналасқан Наурызбай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп жатыр. Бұл орталықтар қызмет алушыларды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 13:00-ге дейін қабылдайды.
Сондай-ақ, Аққайнар көшесі, 1 және Ақсуат көшесі, 118 мекенжайларында орналасқан екі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет алушыларды қабылдайды. Екі орталық жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініштер 18:00-ге дейін қабылданады. Сенбі күні құжаттар 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Қаланың қалған ХҚО-лары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі – демалыс күні.
Жалпы жыл басынан бері Алматы қаласының тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1,2 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алды.