Алматыда жігітімен жанжалдасқан қыз тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда көпқабатты үйдің 10-қабатынан құлаған бойжеткен ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Фото: Pexels

Өткен түні Алматының Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 жастағы бойжеткен оныншы қабаттан құлап кетті. Құлау кезінде ол бірінші қабаттағы темір қалқаға соғылып, кейін жерге түскен көрінеді. 

— Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр, дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр, — делінген Алматы қалалық полициясы хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға алдында бойжеткен мен оның жігіті арасында ұрыс болған. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр.

Бұған қостанайлық ару жігітімен жанжалдасып қалып, өзіне қол салмақ болғанын жазғанбыз.