Алматыда жиһаз қоймасы өртеніп жатыр
10:11, 17 Қараша 2023
Алматыда жиһаз қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең өрт сөндіру бригадалары Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесі, 2/16 мекенжайынан шыққан өртке аттанды.
«Алдын ала ақпарат бойынша жиһаз қоймасы жанып жатыр. Жақын орналасқан қойма мен үй-жайларды қорғауға өрт оқпандары енгізіліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды»,- деп хабарлады департаменттен.
Ведомстводан атап өткендей, қазіргі уақытта өрт оқшауланды.