Оның айтуынша, әрбір 100 мың тұрғынның 896-сы ЖРВИ мен тұмау жұқтырады. Бірақ бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,0%-ға төмен. Былтыр 25 326 жағдай болған.
– Алматы қаласында қазіргі уақытта жедел респираторлық инфекциялар бойынша (бұдан әрі – ЖРВИ) эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Өткен 38 аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 20 544 жағдайы тіркелді. Аурудың 60,7%-ы балаларды қамтиды. Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі - уақтылы вакцинация алу, - деді ол.
Сондай-ақ Әсел Қалықова тұмаудың алдын алу мақсатында жергілікті әкімшілік есебінен «тәуекел тобындағы» тұрғындарды вакцинациялау 19 қыркүйекте басталғанын хабарлады. 26 қыркүйектегі жағдай бойынша тұмауға қарсы 19 379 адам екпе алды. Вакцинациялау қараша айының соңына дейін жүргізіледі.
– Биыл «тәуекел тобындағы» адамдарды вакцинациялау үшін жергілікті бюджет қаражатына 200 000 доза мөлшерінде үш валентті тұмауға қарсы ресейлік «Гриппол Плюс» вакцинасы сатып алынды, - деп атап өтті департамент өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда адам папиллома вирусына қарсы вакцинация 30 қыркүйекте басталатынын жазғанбыз.