Алматыда жыл басынан бері қанша жол ережесі бұзылғаны анықталды

Алматыда жыл басынан бері 1 млн  866 мың 741 жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шумаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Алматы әкімдігі

«Көлікті мас күйінде басқарған 1 843 жүргізуші ұсталды. Сот 2 443 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырды. 1 754 көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейін, заңда көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жаза қатайтылды. Бірінші рет болса көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі - 7 жыл. Сонымен қатар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған», - деді Серік Шумаев.

Сонымен қатар, Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше қала жолдарында жыл басынан бері 3 195 жол апаты тіркеліп, салдарынан 3 415 адам зардап шегіп, 94 адам қаза тапқан.