Жыл басынан бері Алматыда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 2 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 24 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам адам жарақат алған.
Акция аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын, оның ішінде жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол беру талаптарын бақылауды күшейтті.
— Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушыға байланысты. Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда аса мұқият болуы қажет. Ал жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өтуге тиіс, — деді Алматы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
Еске салайық, алматылықтар бір тәулікте 1500-ден астам рет жол ережесін бұзғанын хабарлаған едік.