Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген

Фото: Фото: Kazinform

Биыл Алматыда әлеуметтік нанның бағасы өскен жоқ. Сондай-ақ жыл соңына дейін нан бағасының өспейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазір нанның бір бөлкесі 100 теңгеден аспайды,бірақ, әр өндірушінің өз тұжырымы бар. Бізде нан бағасының ары қарай өсуіне жол бермеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қаланың ұн тарту кәсіпорындарына 9,4 мың тонна астық жеткізу пысықталды. Бұл тұрақты бағаны сақтап, оны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді спикер журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып

Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 15 млрд теңге бөлінгенін атап өтті

«Бұл қаражаттың 70% - ы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеушілерге бөлінеді, олар біздің солтүстік өңірлеріміз - Қарағанды, Павлодар облыстары. Бұл картоп пен сәбізге қатысты, ал пияз бен қырыққабат бойынша оңтүстік өңірлер - Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарымен жұмыс істейміз. Жұмыртқа, сиыр еті, күріш бойынша да мердігерлермен шарттар жасалды. Біз олармен бағаны ұзақ мерзімге бекітеміз. Тиісінше, бізде қараша айында азық-түлік инфляциясы төмендеп, оның қарқыны баяулады", - деді Әлішер Әбдіқадыров.