Қала әкімдігінің жауабына сәйкес, Алматы қаласының жылыту маусымына дайындық және өту қағидалары бойынша ұзақ уақыт бойы сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы 8° және одан жоғары болғанда жылыту маусымы аяқталады. Тиісті қаулы шыққан соң жылу беру тоқтатылады.
- Сонымен қатар жылу сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасын ескере отырып беріледі. Әр үйде жылу пункті бар, онда жылумен жабдықтауды ПИК, МИБ қызметкерлері реттейді, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Алматы тұрғын үйлеріне жылу қазан айының басында берілген еді.