Алматыда жоғалып кеткен жасөспірім табылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылық полицейлер 13 наурызда жоғалып кеткен жасөспірімді тапты. 

Фото: Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Бұған дейін алматылық еріктілер әлеуметтік желіде Рамазан Қалдаров есімді жасөспірімге іздеу салынғанын хабарлаған еді. Ол 13 наурыз күні шамамен кешкі сағат 18:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған. Үстінде қара күртке, аяғында қара шалбар мен қара кроссовка болғаны жазылған.