Алматыда жолдағы жанжал кезінде жүргізушіні ұрған күдікті ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласында жүргізушілер арасында болған жол жанжалы түсірілген бейнежазбаны анықтады.

Видеодан алынған кадр

Полицияның мәліметінше, жарияланған бейнекадрларда жанжалға қатысушылардың бірі екінші жүргізушіге күш қолданғаны көрінеді.

Бұл дерек бойынша полиция тарапынан дереу сотқа дейінгі тергеу басталды.

— Күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында, — делінген хабарламада.

Полиция жолдағы кез келген жанжалды жағдайлар тек заң аясында шешілуі тиіс екенін ескертті. Жол қозғалысына қатысушыларға күш қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда шетел азаматына тіл тигізіп, күш көрсеткен ер адам ұсталғанын жазғанбыз.