Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты бір көшеде қозғалыс шектеледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ж. Үшкемпіров көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Фото: Алматы әкімдігі

Атап айтқанда, 26 мамыр сағат 23:00-ден 27 мамыр сағат 06:00-ге дейін әл-Фараби даңғылынан 5-тұйық көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толық жабылады.

Сонымен қатар 28 мамыр сағат 23:00-ден 29 мамыр сағат 06:00-ге дейін де әл-Фараби даңғылынан 5-тұйық көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі.

Фото: Алматы әкімдігі

– Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақтарда мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ескерту белгілері мен ақпараттық стендтер орнатылады. Тұрғындардан бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматының бірнеше көшесінде қозғалыс схемасы өзгеретінін хабарлағанбыз.

23 мамырдан бастап Уәлиханов көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізілді.

Сондай-ақ Жуков көшесінде (оңтүстік бағытта) және Манаев көшесінде (солтүстік бағытта) Затаевич көшесінен Ахмедьяров көшесіне дейінгі аралықта біржақты қозғалыс ұйымдастырылады.