Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобус бағыты өзгереді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда құрылыс және жөндеу жұмыстарына орай 8 қыркүйектен бастап бірқатар автобус уақытша басқа маршрутпен жүреді.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ақжар шағынауданында су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысына байланысты № 4, № 14, № 44, № 50 және № 128 автобус бағыты уақытша өзгереді. 8 қыркүйектен бастап Рысқұлов көшесінің Қонаев көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі бөлігі толығымен жабылады.

№ 4 

Оңтүстік бағытта: Шаляпин көшесі (батыс) — Яссауи көшесі (оңтүстік) — Қонаев көшесі (батыс) — Рысқұлов көшесі (оңтүстік) — әрі қарай сызба бойынша.

Кері бағытта: Гроза көшесі (солтүстік) — Қонаев көшесі (шығыс) — Яссауи көшесі (солтүстік) — Шаляпин көшесі (шығыс) — әрі қарай сызба бойынша.

№ 14

Солтүстік бағытта: сызба бойынша — Гроза көшесі (солтүстік) — Қонаев көшесі (батыс) — Рысқұлов көшесі (оңтүстік) — Жандосов көшесі (батыс) — Дәулеткерей көшесі (солтүстік) — Әбділдин көшесі (батыс) — әрі қарай сызба бойынша.

Кері бағытта: Әбділдин көшесі (шығыс) — Дәулеткерей көшесі (оңтүстік) — Жандосов көшесі (шығыс) — Гроза көшесі (солтүстік) — әрі қарай сызба бойынша.

№ 44

Батыс бағытта: сызба бойынша — Абай даңғылы (батыс) — Әшімов көшесі (оңтүстік) — Айтматов көшесі (батыс) — Дәулеткерей көшесі (оңтүстік) — Жандосов көшесі (шығыс) — Гроза көшесі (солтүстік) — Қонаев көшесі (батыс) — Рысқұлов көшесі (оңтүстік) — Жандосов көшесі (батыс) — Дәулеткерей көшесі (солтүстік) — Айтматов көшесі (шығыс) — Әшімов көшесі (солтүстік) — Абай даңғылындағы жол айырығынан батысқа қарай бұрылу — әрі қарай сызба бойынша.

Кері бағытта: Алатау көшесі (оңтүстік) — Абай даңғылы (шығыс) — Әшімов көшесі (оңтүстік) — Айтматов көшесі (батыс) — Дәулеткерей көшесі (оңтүстік) — Жандосов көшесі (шығыс) — Гроза көшесі (солтүстік) — Қонаев көшесі (шығыс) — Рысқұлов көшесі (оңтүстік) — Жандосов көшесі (батыс) — Дәулеткерей көшесі (солтүстік) — Айтматов көшесі (шығыс) — Әшімов көшесі (солтүстік) — Абай даңғылындағы жол айырығынан шығысқа қарай бұрылу — әрі қарай сызба бойынша.

№ 50

Солтүстік бағытта: Бәйсұлтанов көшесіндегі соңғы аялдама — Әбділдин көшесі (солтүстік) — Дәулеткерей көшесі (оңтүстік) — Жандосов көшесі (шығыс) — Гроза көшесі (солтүстік) — Қонаев көшесі (шығыс) — Яссауи көшесі (солтүстік) — әрі қарай сызба бойынша.

Кері бағытта: өзгеріссіз.

№ 128

Шығыс бағытта: Әшімов көшесі (оңтүстік) — Шаляпин көшесі (шығыс) — Яссауи көшесі (оңтүстік) — Жандосов көшесі (шығыс) — әрі қарай сызба бойынша.

Батыс бағытта: Жандосов көшесі (батыс) — Яссауи көшесі (солтүстік) — Шаляпин көшесі (батыс) — Әшімов көшесі (солтүстік) — әрі қарай сызба бойынша.

Жол жөндеуіне байланысты тағы төрт маршруттың қозғалысы өзгереді

«Алматы-1 — Шамалған станциясы — Ұзынағаш» жолына күрделі жөндеу жүргізіліп, жолдың бір бөлігі жабылуына байланысты 9 қыркүйектен бастап № 10, № 10А, № 235 және № 255 маршруттарының қозғалыс бағыты уақытша өзгереді.

№ 10 автобустың соңғы аялдамасы уақытша «Ремстройтехника» аялдамасына, ал № 10А автобустың соңғы аялдамасы «Әубәкіров көшесі» аялдамасына ауыстырылады.

№ 10А

Батыс бағытта: Бережинский көшесі (батыс) — Бережинский көшесі (солтүстік) — Абылай хан көшесі (батыс) — Алатау көшесі (солтүстік) — Сейдалиев көшесі (батыс) — Әзірбаев көшесі (оңтүстік) — Жаужүрек көшесі (батыс) — Орталық көшесі (оңтүстік) — Әубәкіров көшесіндегі соңғы аялдама.

№ 10

Шығыс бағытта: Жаужүрек көшесі (шығыс) — Әзірбаев көшесі (солтүстік) — Сейдалиев көшесі (шығыс) — Алатау көшесі (оңтүстік) — Абылай хан көшесі (шығыс) — Бережинский көшесі (шығыс) — Бережинский көшесі (оңтүстік) — «Ремстройтехника» соңғы аялдамасы — әрі қарай сызба бойынша.

№ 235

Батыс бағытта: Бережинский көшесі (батыс) — Бережинский көшесі (солтүстік) — Абылай хан көшесі (батыс) — Алатау көшесі (солтүстік) — Сейдалиев көшесі (батыс) — Әзірбаев көшесі (оңтүстік) — Жаужүрек көшесі (батыс) — әрі қарай сызба бойынша.

Кері бағытта: Жаужүрек көшесі (шығыс) — Әзірбаев көшесі (солтүстік) — Сейдалиев көшесі (шығыс) — Алатау көшесі (оңтүстік) — Абылай хан көшесі (шығыс) — Бережинский көшесі (шығыс) — Бережинский көшесі (оңтүстік) — әрі қарай сызба бойынша.

№ 255

Батыс бағытта: Бережинский көшесі (батыс) — Бережинский көшесі (солтүстік) — Абылай хан көшесі (батыс) — Алатау көшесі (солтүстік) — Сейдалиев көшесі (батыс) — Әзірбаев көшесі (оңтүстік) — Жаужүрек көшесі (батыс) — әрі қарай сызба бойынша.

Кері бағытта: Жаужүрек көшесі (шығыс) — Әзірбаев көшесі (солтүстік) — Сейдалиев көшесі (шығыс) — Алатау көшесі (оңтүстік) — Абылай хан көшесі (шығыс) — Бережинский көшесі (шығыс) — Бережинский көшесі (оңтүстік) — әрі қарай сызба бойынша.

Бірқатар автобус бұрынғы қозғалыс бағытына оралады. 

8 қыркүйектен бастап Мақатаев көшесінің Панфилов көшесімен қиылысындағы жылу желілерін жөндеу және ауыстыру жұмыстарының аяқталуына байланысты № 20, № 32, № 40, № 63, № 63А, № 98, № 113 және № 119 автобустарының бұрынғы бағыты қалпына келеді.

Сонымен қатар теміржол өткеліндегі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 8 қыркүйектен бастап № 216, № 217, № 220, № 221, № 223, № 233 және № 234 маршруттары да бұрынғы қозғалыс сызбасына оралады.

Еске салайық, Алматыда Төле би көшесінің жабылуына байланысты 10 автобус бағыты өзгеретіні хабарланды.