Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты жарық өшірілмек

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бес күн жарық өшеді.

Фото: Айгерім Амантаева / Kazinform

Электр қуаты 21-25 қыркүйек аралығында өшірілмек.

21 қыркүйекте Абай, Жандосов, Әуезов және Сәтпаев көшелерінің кейбір бөліктерінде жарық болмайды.

22 қыркүйек — Шаңырақ, Ұлжан, Өжет және Ақжар аудандарында;

23 қыркүйек — Шаңырақ, Ақжар және Өжет аудандарында;

24 қыркүйекте Нұрлытау, Думан және Горный Гигант аудандарында жоспарлы жөндеу жүргізіледі.

25 қыркүйекте Самал, Томирис және Думан шағын аудандарында жөндеу жұмыстары жоспарланып жатыр.

Жұмыстар күн сайын, негізінен таңғы 8:00–ден кешкі 9:00–ге дейін жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарының барысына байланысты кесте түзетілуі мүмкін.

Еске салайық, Алматыда қарызына байланысты жарықтан ажыратылатын тұрғын үйлердің тізімі жарияланған еді.