«Өткен жылдың қараша айынан басынан бастап А/H3N2 типті тұмаудың 206 расталған жағдайы тіркелді, барлық науқасқа емдеу тағайындалды, қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқа вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус айналымда жүр», - деді Айгүл Қалықова.
Ол сондай-ақ ЖРВИ, тұмауды алдын алу шараларын сақтауды ұсынды.
«Дәрігердің тағайындауымен иммундық жүйені көтеру керек, яғни, С дәруменін, оксолин жақпа майын қолдану қажет. Жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды шектеңіз, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдетіп отыру керек, ЖРВИ-мен ауырған адамдармен қарым-қатынасқа түспеу, қарым-қатынас болған жағдайда бетперде киіп, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. Ауырған жағдайда үйде болған жөн, өзін-өзі емдемей, медицина қызметкерін шақыру қажет, түшкіру, жөтелу кезінде ауызды қолмен, майлықпен, орамалмен жабу керек. Қолды мүмкіндігінше жиі жуу керек. Науқас балаларды мектепке, мектепке дейінгі мекемелерге, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарға жібермеген дұрыс», - деді дәрігер.