Әлеуметтік желіде жүк көлігі мен автобустың соқтығысып қалған видеосы шықты.
Жол апаты бүгін таңғы 7:10 шамасында Жетісу ауданында болған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ІSUZU маркалы автокөлікті жүргізген 1999 жылы туған Б. есімді азамат Сүйінбай даңғылымен солтүстікке қарай бара жатып, рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.
Салдарынан Golden Dragon маркалы автобуспен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан ISUZU маркалы автокөліктің жүргізуішісі зардап шешіп, медициналық көмекке жүгінді. Аталмыш деректі Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеуге кірісті», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.