Өтініштерде жүк көліктерінің аулалар арқылы қатынауы, абаттандыру қағидаларын бұзуы, көгалдар мен жасыл желек аумақтарына кіру фактілері көрсетілген. Сондай-ақ ассенизаторлық көліктердің жұмысына қатысты мәселелер де көтерілді.
Осыған байланысты Алатау ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында арнайы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, көлік құралдарын пайдалану қағидаларының бұзылуы, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды пайдалану және күтіп ұстау жөніндегі заң талаптарының орындалмауы фактілерін анықтады.
Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.
— Тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалған жоқ. Біз нақты мәселелер көтерілген аумақтарда арнайы тексеру жұмыстарын жүргіздік. Негізгі мақсат — тұрғын үй алаптарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрі қолайсыздық туғызатын құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, — деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Плалов.
Еске салайық, Алматыда жүргізушіні тапаншамен қорқытқан азамат ұсталды.