Алматыда жүкті әйел үйдің 12-қабатынан секіріп кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жүкті әйел көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кетті.

Фото: Pexels

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта қайғылы жағдай бүгін, 1 наурыз күні шамамен түскі сағат 12:20 Алмалы ауданында орналасқан «Манхеттен» тұрғын үй кешенінде болған.  

Алматы қалалық полиция департаменті аталған фактіні растады.

«Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталады»,-деп хабарлады ведомстводан.