Алматыда жүргізушілер үш күнде 1 400 рет заң бұзған
06:24, 25 Ақпан 2026
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жолаушылар тасымалын тексеру кезіндегі үш күн ішінде 1 453 құқық бұзушылық анықталды.
Тексеру барысында жолаушылар тасымалдайтын көлік жүргізушілері арасында ең жиі тіркелген заң бұзушылықтар мыналар болды
- жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу — 178;
- көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану — 84;
- міндетті техникалық байқаудан өтпеу — 66;
- техникалық ақауы бар көлікпен жүру — 56 дерек.
Сонымен қатар 19 жүргізушінің көлік басқару құқығы болмағаны анықталды. Мас күйде көлік тізгіндеген 11 адам ұсталып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан 7 жағдай тіркелді. Жалпы 39 көлік құралы мамандандырылған айыптұраққа қойылды.
Полицейлер тасымалдаушылардың қызметіне бақылау алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 34 жүргізуші қоғамдық көлік басқарудан шеттетілгенін жазған едік.