Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, өзін Елисей деп таныстырған тұлғаның бейнежазбасына мән берген. Ол бейнероликте қаладағы түнгі мекемелердің бірінде зорлау дерегі болғандығы туралы хабарлаған.
- Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің жеке басы анықталып, ол полицияға ресми түрде арызданды.Күдікті ретінде 29 жастағы азамат – аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысында күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, оның ішінде мәлімделген жағдайлар ескерілетін болады, - деп хабарлады полициядан.
Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Ақнәр Гүлстан өліміне қатысты тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында екені хабарланды.