Әлеуметтік желіге видео салған қала тұрғыны: «100 жыл жатқан плиталарды алып, жаңасына ауыстырмақшы. Бұған кім тапсырыс берген және оны несіне ауыстырмақшы», - деп шағымданды.
Алматы әкімдігі 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта плиталық жабынды алып тастау және оны ауыстыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
«Саябаққа қызмет көрсету ұйымы плиткааралық тігістерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Алшақтық анықталған жерлерде ғана тігістерін бітеу жұмыстары жүргізіледі. Плиталық жабынды алу немесе ауыстыру южұмыстары жоспарланбаған және ондай жұмыстар жүргізілмейді», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматы әкімдігі Әлия мен Мәншүк саябағын реконструкциялау жұмыстары қашан аяқталатынын хабарлаған болатын.