- Жоғарыда көрсетілген объектіні жоспардан тыс тексеру барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17-бабы 1-тармағы, 4, 4-1, 5, 6 тармақшаларын, 68-бабы, 12-тармағы талаптарын бұза отырып, тапсырыс беруші коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу үшін шұңқырды қазу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағанын, сондай-ақ мұнара краны үшін негізді құюды белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаулардың сүйемелдеуінсіз, құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламасыз бастағаны анықталды. 2025 жылғы 2 қыркүйектегі жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Тапсырыс берушіге қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалып, жіберілген бұзушылықтарды жою және тоқтата тұру туралы нұсқама берілді, - деп жазылған әкім жауабында.
Аталған нысанның жобасы тиісті органдардың мақұлдауынан талапқа сай өткен көрінеді.
- Алматы қаласының әкімдігі бұл учаскенің жеке меншікте болуына және тапсырыс берушінің 40 қабатты тұрғын үй кешенін жобалауға бастапқы рұқсат беру құжаттарын (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, эскиздік жобаны келісу) алуына байланысты осы учаскеде сквер немесе әлеуметтік объектіні қарастырмайды, - дейді Дархан Сатыбалды.
Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Тимирязев көшесінің қиылысында салынып жатқан 40 қабатты ғимарат құрылысына қарсы шыққан еді.