Алматыдағы ауа райына байланысты рейстер кешіктіріліп жатыр
21:32, 09 Наурыз 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Air Astana әуекомпаниясы Алматы қаласынан ұшатын рейстердің ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатқанын хабарлады.
— Әуежайға шықпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтынан тексеріп алуыңызды сұраймыз, — деп жазды әуекомпанияның баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жазған болатынбыз.