Алматыдағы ауа райына байланысты рейстер кешіктіріліп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Air Astana әуекомпаниясы Алматы қаласынан ұшатын рейстердің ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатқанын хабарлады.

Фото: Александр Павский/Kazinform

— Әуежайға шықпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтынан тексеріп алуыңызды сұраймыз, — деп жазды әуекомпанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жазған болатынбыз.