Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккен 17 адамның қазіргі жағдайы қалай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы автобус апатынан 17 адам зардап шекті. Оның үшеуі ауруханаға жатудан бас тартты.

Фото: Pexels

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары көмек көрсеткен. 

«Жарақат алған 14 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір олар қабылдау бөлімі деңгейінде тексеріліп жатыр. Бәрінің жағдайы орташа ауыр, бүкіл қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. 3 адам ауруханаға жатудан бас тартты», — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұған дейін Алматының орталығында үш автобус пен бір жеңіл машинаның соқтығысқанын жазған болатынбыз.