Осыған байланысты, балалар үйінің тәрбиеленушілері әлеуметтік желі арқылы видеоүндеу жариялады.
Сондай-ақ, басқарма әлеуметтік желілерде тараған жер учаскесінің аффилиирленген тұлғаларға сатылуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды.
Жаңа кешен 240 орынға есептелген және аумағы 4000 шаршы метр. Құрылыс 1963 жылы салынған ескі ғимараттың апатты жағдайына байланысты жүргізіліп жатыр. Жаңа мекеме құрамында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы да жұмыс істейді. Ғимарат 900 орындық мектептің жанында орналасады. Балалардың қатынауы үшін 14 орындық автобус бөлінді. Алматыға дейінгі қашықтық – 65 шақырым.
Бұдан бөлек, тәрбиеленушілер 21 наурызда Қонаев қаласында өтетін Наурыз мейрамына шақырылды.
Еске салайық, осыған дейін Алматы зообағы Алатау қаласының аумағына көшірілетіні жайлы ақпарат пайда болған еді.