Алматыдағы «Барахолка» базарындағы өрт оқшауланды
20:35, 16 Шілде 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы «Барахолка» базарын шарпыған жалын сағат 18:38–де оқшауланды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару су төгу құрылғысы бар тікұшақ жұмылдырылып, әуеден 6 рет өрт ошағына су төкті. Өрт алдын ала 1600 шаршы метр алаңда оқшауланды.
Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, оқиға орнында от өшірілген. Алайда өрт сөндірушілер құрылымдар мен бөлшектерді қопару және су төгу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бүгін сағат 17:30 шамасында «Мизам» базарындағы қоймада от тұтанған болатын. Құтқарушылар оқиға орнына 6 минутта жеткен.