Алматыдағы ботаникалық бақ бір күнге жабылады

Фото: Фото: Александр Павский/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда ботаникалық бақ 6 қаңтар күні жұмыс істемейді. Бұл туралы бақ баспасөз қызметі хабарлады.

– Қала қонақтары мен тұрғындарына ботаникалық бақтың 6 қаңтарда жабылатынын хабарлаймыз. Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді, – делінген жазбада. 

Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.

– Ботаникалық бақ күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар 18:00-ге дейін ашық. Ондағы техникалық үзіліс 15:00-15:30 аралығында болады. Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге қалдырылуы мүмкін», - деп хабарлады Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бас ботаникалық бақ 31 желтоқсанда, 1 және 2 қаңтарда жабық болды. 

Осыған дейін бас ботаникалық бақта «Арқалан» табиғи петроглифтер паркі ашылған еді. 

Бұдан бөлек, Алматы ботаникалық бағындағы оранжерея мәселесі әлі шешілмегенін жазған едік.