Алматыдағы ботаникалық бақ бір күнге жабылады
14:18, 03 Мамыр 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы ботаникалық бақтың жабылуы туралы ақпарат бақтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
«Қала қонақтары мен тұрғындарына ботаникалық бақтың 6 мамырда жабылатынын хабарлаймыз. Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді», - делінген жазбада.
Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.
«Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар 20:00-ге дейін ашық. Ондағы техникалық үзіліс 15:00-15:30 аралығында болады. Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге қалдырылуы мүмкін», - деп хабарлады Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.