«Ботаникалық бақ 11 шілдеде техникалық себептерге байланысты жабылатынын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.
«Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар 20:00-ге дейін ашық. Ондағы техникалық үзіліс 15:00-15:30 аралығында болады», - деп хабарлады Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматының ботаникалық бағы 1 шілде күні де жұмыс істемеген еді.
Осыған дейін бақта сирек кездесетін 103 өсімдікті үсік шалғаны туралы жазған болатынбыз.