Алматыдағы дәмханадан шыққан өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыды

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы қаласының Жетісу ауданындағы дәмханалардың бірінде шыққан өрт 600 шаршы метр аумақты қамтыды.

Фото: Видеодан скрин / ChatGPT

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 маусым күні 112 пультіне дәмханалардың бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер ашық жалынды анықтап, жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізді.

«Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан 5 газ және 2 оттегі баллонын алып шықты. Бұл жағдайдың одан әрі күрделену қаупін болдырмауға мүмкіндік берді», – деп хабарлады ТЖМ.

Өрттің бастапқы кезеңінде құтқарушылар 3 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алған.

Өрт ошағына 5 оқпан беріліп, жалынды сөндіруге бірнеше техника мен жеке құрам жұмылдырылды.

ТЖМ мәліметінше, өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, Ақмола облысындағы ұлттық парк аумағында өрт шықты.