Алматыда екі қабатты қойма өртеніп жатыр
07:48, 23 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазір ТЖМ құтқарушылары Алматы қаласының Жетісу ауданындағы екі қабатты қоймада шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, екі қабатты қоймадағы өртке
байланысты жедел штаб құрылды.
— Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру үшін 3 бөлек бағыт ұйымдастырылған. Су үздіксіз беріліп, өртке қарсы құралдар қолданылуда. Барлық шұғыл қызметтер сол жерде жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат жоқ, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Ақмола облысында ет дүкенінен өрт шыққанын жазған едік.