Ведомствоның хабарлауынша, жоба аясында мердігер ұйым кәріз коллекторын салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріседі.
— Құрылыс жұмыстары жүргізілетін кезеңде аталған учаскеде қозғалыс жұмыстардың орындалу аймағына қарай кезең-кезеңімен шектеледі. Бұл тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушыларға келетін қолайсыздықты барынша азайтуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
Батыс кәріз коллекторы — Алматыдағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Бұл нысан пайдалануға берілгеннен кейін су бұру жүйесінің сенімділігі артып, қолданыстағы және жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын аудандарды орталықтандырылған кәріз желісіне қосуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға негіз қалайды.
Басқарма өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына уақытша шектеуге түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау және жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.