Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Найзағайдың соққан сәтін жергілікті фотограф Александр Шаварев түсіріп алған.
Синоптиктердің болжауынша, мегаполисте нөсер жауын үш күн тоқтаусыз жауады.
Бұған дейін Алматының коммуналдық қызметі жауын-шашын кезінде 52 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығатынын айтқан болатын.
«Күндіз жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы, ал түнгі уақытта 236 бірлік арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады»,-делінген хабарламада.