Өрт сөндірушілер келгеннен кейін, түтіннің 3 қабатты қонақ үйдің жертөлесінде шыққанын анықтады. Қонақ үй қызметкерлері келушілерді үй-жайдан шығарып үлгерді. Өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізілді.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт толық сөндірді. Өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды.
Осыған дейін Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылғанын жаздық.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды.